Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айында сотталушы, алдын ала өз танысымен келісім бойынша Алматы облысының елдімекендерінің бірінде одан есірткі заты бар бірнеше жол сөмкесін алған. Ақшалай сыйақы үшін ол жүкті Қарағанды қаласына жеткізуге келіскен. Сол күні Мойынқұм ауданындағы Екатеринбург-Алматы тас жолында полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, қызметтік ит тыйым салынған заттардың бар екендігін көрсеткен. Жүк салғышты тексеру кезінде 38 келіден астам кептірілген марихуана табылған.
М-нің кінәсі тараптардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және сараптама нәтижелерімен дәлелденді. Сотталушы есірткіні өткізуге ниеті болмағанын айтып, кінәсін ішінара мойындады.
Сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
"Сот үкімімен М. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3 тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Есірткіні тасымалдау үшін пайдаланылған көлік мемлекет кірісіне тәркіленді".Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты
Үкім заңды күшіне енді.