6 млрд теңге жымқырды деген шетелдік күдікті Черногориядан Қазақстанға экстрадицияланды

Сурет: видеодан алынды/ҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы және ІІМ-нің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Черногориядағы елшілігінің көмегімен аса ірі көлемде қаражат ұрлаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден түрік азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап және үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.


"2025 жылдың наурыз айындада ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды