Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Сурет: Zakon.kz/Карина Адильбекова
Орал қаласында алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп айыпталған блогер Айболат Бөкеновке қатысты сот үкімі шықты. Жәбірленушілердің арасында аудан әкімдері, шенеуніктер мен депутат та бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 25 ақпанда Орал қалалық қылмыстық сотында 43 жастағы Айболат Бөкеновке қатысты сот үкімі жарияланды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы, атап айтқанда "Алаяқтық", "Бопсалау" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату)" бойынша бірден кінәлі деп танылды. Үкімді судья Динара Гильманова жария етті.

Сот үкімімен Айболат Бөкенов жоғарыда аталған барлық бап бойынша кінәлі деп танылды.

"Айболат Бөкенов кінәлі деп танылсын. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалсын", – деді Динара Гильманова үкімді оқи отырып.

Блогер сот залында қамауға алынды. Ол бұған дейін үй қамақта болған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Бөкенов БҚО билігін сынау арқылы әлеуметтік желіде аудитория жинап, өз танымалдылығын теріс пиғылда пайдаланған: "көмек" үшін ақша алып, түрлі сылтаулармен қаражат жинап, парақшасындағы жазбасын жою үшін ақы талап еткен. Жәбірленушілердің арасында бірнеше аудан әкімдері, шенеуніктер мен депутат та бар. Залал сомасы әркімде әр түрлі – 50-ден 200 мың теңгеге дейін.

Алынған қаражаттың бір бөлігін, айыптаушы мәлімдегендей, ставка қоюға жұмсаған. Жәбірленушілердің барлық талаптары қанағаттандырылды. Бөкеновтың өзі кінәсін толықтай мойындады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды