Таразда әпкесінің көлігін ұрлап, рөлге отырған жасөспірім полициядан қашпақ болған

Сурет: pexels
Тараз қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатпақ болды. Алайда жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, полицияның заңды талабына бағынбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция жедел түрде оның ізіне түсіп, кәсіби үйлесімді әрекет етудің нәтижесінде көлік тоқтатылды. Тексеру барысында көлікті кәмелетке толмаған жасөспірімнің басқарғаны және оның жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды.


"Ол әпкесінің автокөлігін айдап алып кеткен. Аталған заң бұзушылықтар бойынша жасөспірім және көліктің заңды иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптарымен жауапкершілікке тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды", делінген Тараз қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция ата-аналарды кәмелетке толмағандардың өмірінің қауіпсіздігі үшін көлік басқаруына жол бермеуге шақырады. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – қауіпсіздіктің басты кепілі.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін