Желідегі дүрбелең: Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық учаскелердің тағдырына қатысты ой білдірді

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық учаскелер қысқармайтынын, дегенмен балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа кеңейтілген кешенді моделі енгізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nofake.kz мәліметінше, педиатрия саласындағы өзгерістерді талқылаған әлеуметтік желі қолданушылары учаскелер санының қысқару ықтималдылығын да сөз ете бастаған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңашылдық қысқартуға емес, жүйені нығайтуға бағытталғанын нақтылады.

"Бұл арада педиатриялық учаскелерді қысқарту және жүйені әлсірету туралы емес, балаларды медициналық қолдаудың жаңа кеңейтілген кешенді моделін енгізу туралы сөз болуда. Министрлік педиатриялық қызметті нығайту бойынша дәйекті жұмысты ары қарай да жалғастыруда және әрбір балаға білікті медициналық көмектің қолжетімділігін сақтауға кепілдік береді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда педиатриялық көмек көрсету стандарттары жаңартылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін