Басқарманың мәліметінше, бір қабатты кіреберіс қосалқы нысан мен қоғамдық тамақтану орны орналасқан жазғы алаң заңсыз салынған.
Жоспардан тыс тексеру барысында "ТАЙМАС LTD" ЖШС меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, заңсыз салынған нысан мен алаңды бұзу және ғимаратты бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген. Алайда меншік иесі бұл талапты орындамаған.
Осыған байланысты басқарма нұсқама талаптарын мәжбүрлі түрде орындату үшін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берген. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот талқылауы өтті.
2026 жылы 11 ақпанда Алматы қалалық сотының қаулысымен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. Бүгін, 2026 жылы 22 мамырда Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Бұған дейін Алматының Алғабас шағын ауданында Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілгенін жазғанбыз.