Маңғыстауда түзеу мекемесіне тыйым салынған затты жасырын өткізу әрекеті әшкереленді

Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қамауда отырған азаматтардың біріне жеткізілген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері радиоқабылдағыштың ішіне жасырылған ұялы телефонды, SIM-картаны және зарядтау құрылғысын анықтап, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мекемелердегі режим талаптарын қамтамасыз ету және тыйым салынған заттардың өту деректерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. 

Бұған дейін Қазақстандағы түрме жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгелі жатқаны хабарланған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін