Алматыда жүк көліктеріне қатысты бақылау күшейтілді

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының полициясына тұрғын үй алаптарында жүк көліктерінің қозғалысына қатысты тұрғындардан бірқатар негізді шағымдар келіп түсті. Сондай-ақ ассенизаторлық көліктердің жұмысына қатысты мәселелер де көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Алатау ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, көлік құралдарын пайдалану қағидаларының бұзылуы, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды пайдалану және күтіп ұстау жөніндегі заң талаптарының орындалмауы фактілерін анықтады. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

"Тұрғындардың арыздары назардан тыс қалған жоқ. Біз нақты мәселелер көтерілген аумақтарда арнайы тексеру жұмыстарын жүргіздік. Негізгі мақсат – тұрғын үй алаптарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрі қолайсыздық туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Плалов. 

Бұған дейін Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына қатысты бақылау күшейтілгені хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шоттар бұғатталып, полиция араласады": ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан 2026 жылы шамамен 130 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстанда жемқорлар, педофилдер мен лаңкестер рақымшылыққа ілікпейді

Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні