Қазақстанда қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелері жаңартылды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 3 маусымдағы бұйрықпен қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

Аумақты абаттандыру элементтеріне мыналар жатады:

Абаттандыруды ұйымдастыру аумақтарды абаттандыру бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуді, абаттандыру жөніндегі іс-шараларды орындауды және абаттандыру объектілерін күтіп-ұстауды қамтиды.

Абаттандыру жөніндегі қызметке қатысушылар, оның ішінде:

Елді мекеннің инфрақұрылымы мен аумақтарын абаттандыру жаяу жүргіншілердің, қоғамдық және велосипед көлігінің, арық жүйелерінің басымдығы ескеріле отырып әзірленеді.

Әртүрлі функционалдық мақсаттағы абаттандыру объектілерін жобалау, салу және пайдалану әр адамның денсаулығын сақтау, тарихи және табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының кедергісіз қозғалуына, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, арық жүйесінің жұмысына техникалық мүмкіндіктер жасайды.

Елді мекенде үй жануарларын серуендету үшін тақтайшалармен белгіленген арнайы аумақтар айқындалады.

Үй жануарларының иелері үй жануарларының нәжісін тазартады.

Қоғамдық стационарлық дәретханалар мен биодәретханалар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тиісті жағдайда ұсталады.

Дәретханалардың санитарлық және техникалық жағдайын меншік иелері, иелері, жалға алушылар немесе олар қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар қамтамасыз етеді.

Барлық алаңдар мен көшелерде, скверлер мен саябақтарда, стадиондарда, вокзалдарда, базарларда, аялдама пункттерінде, кәсіпорындарда, сауда объектілерінде, кинотеатрларда, дүңгіршектерде және басқа да объектілерде урналар орнатылады.

Урналарды тазалау олар толған кезде, ал жаппай қозғалыс және азаматтар көп жиналатын жерлерде – тәулігіне кемінде бір рет жүргізіледі. Урналарды жөндеу қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Урналар жарамды күйде және боялған күйде ұсталады. Урналардың толып кетуіне жол берілмейді.

Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін орынды, оған іргелес аумақтарды тазалауды және олар бұзған абаттандыруды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Ғимараттардың немесе олардағы үй-жайлардың меншік иелері болып табылатын, сондай-ақ жер учаскесін иеленетін азаматтар, ұйымдар іргелес аумақты өз бетінше немесе ұйымдарды тарту арқылы өз қаражаты есебінен күтіп-ұстауды (абаттандыруды) жүзеге асырады.

Аумақтарды күтіп ұстау мыналарды қамтиды:

Жол аумақтарын күтіп-ұстау ағымдағы:

Бұзылған құдықтардың қақпақтары мен торлары, ашық құдықтар бір сағат ішінде, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше белгіленбесе, инженерлік желілердің меншік иелерімен, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдармен (кәсіпорындармен) тиісті ескерту белгілерімен қоршалады және бес сағаттан аспайтын мерзімде ауыстырылады.

Ашық люктердің, сондай-ақ құдықтың қақпағының (торының) сыртқы жиегі бойынша бір метр радиуста құдықтың сыртқы жиегінен жол жабынының шұңқырларының, шөгінділерінің және құламаларының болуына жол берілмейді.

Жеке тұрғын үйлердің меншік иелеріне іргелес аумақта құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды, көң мен көң майын және автокөлік құралдары, тіркемелер, арбалар сияқты өзге де жылжымалы заттарды сақтауға жол берілмейді.

Ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері оларды тиісінше күтіп-ұстауды, пайдалануды, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың қасбеттерін жөндеу және сырлау жөніндегі жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналасқан ескерткіш тақталарды, көше көрсеткіштерін (оның ішінде тұйық көшелер, алаңдар), нөмірлік белгілерді, маңдайшалар мен ақпараттық тақтайшаларды таза және жарамды күйде ұстайды.

Балалар және спорт алаңдары:

Автотұрақтар аумағын күтіп ұстау

Елді мекен аумағында автотұрақтардың мынадай түрлері көзделеді: автомобильдерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сақтау, көше (жүру бөлігінде таңбамен белгіленген тұрақ түрінде), көшеден тыс ("қалта" және жүру бөлігінен шегініс түрінде).

Жалпы пайдалану орындары мен аула аумақтарын жоспарлау кезінде көгалдарға көлік құралдарын қоюға мүмкіндік бермейтін физикалық кедергілер көзделуі қажет. Орамішілік және аулаішілік жолдарда темірбетон блоктарын, бағаналарды, қоршауларды және басқа да құрылыстарды өз бетінше орнатуға жол берілмейді.

Үй маңындағы аумақтарда рұқсат етілмейді:

Сондай-ақ, ережелер қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша іс-шараларды реттейді.

Бұйрық 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!