Президент Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен мәртебесін беретін заңға қол қойды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Конституцияға сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Аталған заң Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге, прокуратура органдарының қызметін дамытуға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіруге, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық актілерді биылғы жылдың наурыз айында республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.

Осылайша, Бас прокурорға инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі беріледі. Оған инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау функциялары жүктеледі. Өңірлік деңгейде инвестициялық омбудсменнің өкілеттігін облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар (астана және республикалық маңызы бар қалалардың прокурорлары) атқаратын болады.

Сонымен қатар прокуратура органдарының мемлекетке заңсыз алынған активтерді анықтау және қайтару жөніндегі құзыреті де сақталады.

Түзетулердің маңызды бөлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің, оның ішінде кішкентай баласы бар әйелдердің, сондай-ақ кішкентай баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдардың ұстау жағдайларын жақсартуға қатысты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты