Алматыда Kia көлігі салынып жатқан жолайырықтың тірегіне соғылып, аударылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Әуезов ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia автокөлігінің жүргізушісі Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесінен өткеннен кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде көлік рөліне ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік салынып жатқан жолайрықтың тірегіне соғылып, аударылып қалды.

Жол апатының салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Көліктегі жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына қауіпсіз жылдамдықты сақтамау себеп болуы мүмкін.

Алайда апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Полиция жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде жүргізушілерді барынша мұқият болуға, жылдамдықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырады. Рөлдегі бір ғана қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

БҚО-да досын абайсызда атып өлтірген тұрғынға үкім шықты

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді