Қызылордада сталкинг жасаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Сурет: pixabay
Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы (Сталкинг) бойынша 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған қала тұрғыны алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам бірнеше жыл бойы бір әйелді оның қарсылығына қарамастан жүйелі түрде аңдып, мазалаған. Ол жәбірленушіге қайта-қайта телефон соғып, хабарламалар жіберіп, өзінің сезімін білдіруін тоқтатпаған. Сонымен қатар әйелдің үйі мен жұмыс орнына барып, оның тыныштығын бұзуды жалғастырған.

"Мұндай әрекеттерден кейін жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызданған. Сот үкімімен азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оған пробациялық бақылау белгіленді. Қазіргі уақытта сотталған азамат Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне алынып, сот белгілеген қоғамдық жұмыстарды атқаруда". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Жетісуда кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын желіде таратқан күдіктінің ұсталғанын хабарлағанбыз.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді