Шу қаласының учаскелік полиция инспекторы пара алды деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында Шу қаласының учаскелік полиция инспекторы ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша, қызметкер пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

HALYQSTAN мәліметінше, полиция қызметкері көлік құралына қажетті құжаттары жоқ мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан. Тексеруден кейін учаскелік полиция қызметкері мотоциклді тартып алып, оны қайтару үшін жүргізушіден 200 мың теңге талап еткен.

Ақша полиция қызметкерінің қолына тиіп үлгермеді. Алдын ала деректер бойынша, ұстау операциясын Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері жүргізген.

Аталған жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін өңірлік полиция департаментіне сауал жолданды. Олар өз кезегінде ҰҚКД-дан түсініктеме алу қажеттігін жеткізді.

Орын алған оқиғадан кейін полиция басшылығы бөлімше басшыларына жеке құраммен профилактикалық жұмысты күшейтуді, қызметкерлерге қатысты бақылауды арттыруды және заңдылық пен қызметтік тәртіпті қатаң сақтауды тапсырды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін