ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан "Altai Fest" фестивалі кезінде жоғалып кеткен бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Қарлығаш Жүсіпова фестиваль барысында көпшілік арасында жалғыз қалған екі жасар бүлдіршінді байқаған.

"Қорқып, абдырап тұрған сәбиді сабырға шақырған ол бірден ата-анасын іздестіруді ұйымдастырып, көп ұзамай бүлдіршін туған-туыстарына аман-есен табысталды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды көпшілік жиналған орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады. Адам көп ортада баланың көзден таса болуы әп-сәтте орын алуы мүмкін. Ал адасып қалған баланы көрген жағдайда немесе өз балаңызды таба алмай жатсаңыз, жақын маңдағы полиция қызметкеріне дереу хабарласу қажет. Мұндай жағдайда тәртіп сақшылары жедел көмек көрсетеді", делінген полиция хабарламасында.

Сурет: polisia.kz

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін