"Пышақтап кеткен". Абай облысында 20 жастағы қыздың денесі табылды

Сурет: pixabay
2026 жылдың 13 шілдесінде таңертең Абай облысында 2006 жылғы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиғаға өңірдің полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, пышақ жарақаттары бар қыздың денесін үйінің жанынан жергілікті тұрғын тауып алған.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер ізін суытпай сол ауданның 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". Абай облыстық ПД

Тергеудің алдын-ала мәліметтері бойынша, күдікті мен марқұм таныс болған. Олардың арасындағы жағымсыз қатынастар жанжалға ұласқан.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты үкім шығарғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін