Қазақстандық өндірушілерге сиыр етін тарифтік жеңілдіктермен әкелуге рұқсат беріледі

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген әдіске сәйкес, қайта өңдеушілерге арналған тарифтік квотамен көзделген көлемдер шеңберінде қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін үшінші елдерден ірі қара мал (ІҚМ) етін бажсыз әкелуге 5 мың тонна мөлшерінде тарифтік жеңілдікті бөлу жоспарлануда.

Нәтижеге қол жеткізу мерзімі – 2026 жылдың шілде айы.

Белгілі болғандай, жоба сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2026 жылғы 1 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Құжат 21 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді