Германиядан келген қонақтар Қазақстан полициясына алғыс білдірді

Сурет: polisia.kz
Абай облысы полиция департаментінің ресми парақшасына Қазақстанға демалуға келген шетел азаматтарынан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғыс хаттың авторлары – Камбышевтер, Сапарғалиевтер және Измайловтар отбасылары. Олар Абай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Даурен Әлімбаевқа жоғалған телефонды іздестіруге және оны заңды иесіне қайтаруға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Өтініш иелерінің айтуынша, полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, жоғары жауапкершілігі және жедел әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған телефон қысқа мерзімде табылып, иесіне қайтарылған.

"Сіздердің жеделдіктеріңіз, адалдықтарыңыз және адамгершілік қасиеттеріңіздің арқасында жоғалған телефонымыз табылып, өзімізге қайтарылды. Бұл әрекет сіздердің қызметтеріңізге ғана емес, тұтастай Қазақстанға деген құрметімізді арттырды", деп жазылған хатта.

Бұған дейін Павлодар облысында түрмеге келген сәлемдемеден тыйым салынған зат табылғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды