Алдымен оқиға орнынан түсірілген кадрлар мен куәгерлердің сөзі әлеуметтік желіде пайда болды. Кейін кісі өліміне әкеліп соқтырған жол апаты туралы мәліметті құқық қорғау органдары ресми түрде растады.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 2026 жылы 8 қыркүйекте кешкі уақытта болғанын нақтылады.
"Белгісіз жүргізуші кешқұрым уақытта келе жатып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, содан кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Жол апаты салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", деп хабарлады ведомстводан 2026 жылы 9 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне.
Қоңырау түсе салысымен дереу оқиға орнына полицейлер аттанды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай ұстау мүмкін болған.
"Жүргізушінің жеке басы мен автокөліктің тұрған жері анықталды. Аталғaн факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", деп толықтырды БҚО ПД.
Іс бойынша тергеу амалдары қолға алынды, ал тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.