Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтері ірі операцияны жүзеге асырды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2026 жылы 16 қазанда халықаралық есірткі арнасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған дерекке сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан "Солтүстік бағдар" деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті.

"Операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды. Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 30 кг ауған гашиші тәркіленді", деп хабарлайды ҰҚК.

Аталған факті бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ресей
Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан