Абай облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала иен даладан аман-есен табылды

Сурет: freepik
Абай облысында полиция қызметкерлері Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеп тапты. Ол елдімекеннен бірнеше шақырым қашықтықтағы ауыл шаруашылығы алқабынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күндіз әжесі мен атасының қарауында болған бала өздігінен үй ауласынан шығып кеткен. Туыстары оны өз беттерінше іздегенімен, нәтиже болмаған. Содан кейін олар полицияға жүгінген. Баланың әжесі оның даму ерекшеліктері бар екенін айтып, мүмкіндігінше тезірек көмек көрсетуді сұраған.

Полицейлер дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, аулаларды, көшелерді және су айдындарының маңындағы аумақтарды аралап, баланың болуы мүмкін жерлерді тексерген.

"Сағат 16:00 шамасында полиция капитаны Азамат Дүйсебаев пен полиция аға лейтенанты Ролан Байтлеуов баланы Үржардан төрт шақырым жердегі ауыл шаруашылығы алқабынан тапқан. Бұл қуанышты хабар бірден оның жақындарына жеткізілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция бала жоғалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласып, оның сыртқы белгілерін, жоғалған жерін және іздестіру жұмыстарына көмектесуі мүмкін мінез-құлық ерекшеліктерін хабарлау қажеттігін ескертеді.

Бұған дейін Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Жаңбырдың арты қарға ұласады". Алматыда ауа райы күрт бұзылады