"Қазақтарды иттей қыру керек" деп жазған өзбек азаматы сотталды

Zakon.kz
Өзбекстан Республикасының 47 жастағы азаматы енді алдағы 3,5 жылын түрмеде өткізеді.
Астана соты қала аялдамаларының біріне ұлтаралық араздықты қоздыратын жазба жазған азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Sn.kz.

Өзбекстан Республикасының 47 жастағы азаматы енді алдағы 3,5 жылын түрмеде өткізіп, мәжбүрлі түрде араққұмарлықтан емделетін болады. Бүгінгі сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

"Сот анықтағандай, сотталушы Гайсин Жеңіс көшесіндегі аялдамадағы автобустардың кестесі көрсетілген баннерге өз қолымен "Қазақтарды иттей қыру керек" деп жазған. Осылайша ол қасақана ұлтаралық араздықты тудыруға бағытталған әрекетке барған", - деді үкімді оқыған судья.

Айта кетейік, 47 жастағы өзбек азаматы Астанада 2004 жылдан бері тұрып келеді. Ол осында жұмыс істеп, соңғы уақытта жұмыссыздықтан ішкілікке салынғанын айтқан.

Фото: Sn.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек