Дональд Трамп Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды

Zakon.kz
Президент бітімге келудің тек Пхеньян үшін емес, жалпы адамзат атаулыға маңызды екенін атап өтті.
Азия елдеріне ат басын бұрған АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшылығын бір үстел басында отырып, келіссөз жүргізуге шақырды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Ақ үй басшысы мұндай мәлімдемені Оңтүстік Кореяда өткізген баспасөз конференциясында айтты.

Президент бітімге келудің тек Пхеньян үшін емес, жалпы адамзат атаулыға маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізу уақытты бос өткізумен тең деген болатын.

Бірақ әлемдік басылымдар оның өз ұстанымын өзгерткенін хабарлады. Жалпы Ақ үй басшысы осы сапарында Азиядағы бес мемлекетке барады деп жоспарланған.

– Мен жер бетінде ядролық қару қолданылмаса екен деп тілеумен келемін және одан үмітім зор. Адамзат баласының болашағы үшін Солтүстік Кореямен бейбіт мәмілеге келуіміз керек. Әрі бұл тұрғыда жағымды үдерістер болады деп сенемін, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Фото: 24.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді