Ертіс ауданында өзеннен балықшының денесі табылды

Zakon.kz
64 жастағы ер адам Ертіс өзенінде балық аулап отырған.
Ертіс ауданының Ертіс ауылында балық аулап отырған азамат суға батып кетіп көз жұмған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Марал Сағынаева айтты.

- Оқиға кеше сағат 23.12-де орын алды. Куәгерлер марқұмның денесін сағат 21.00-ден судан алып шыққан. 64 жастағы ер адам Ертіс өзенінде балық аулап отырған. Төтеншеліктер тарапынан айтылатын ескертуге қарамастан тұрғындар өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып, осындай қатерлі қадамға барады, - дейді Марал Сағынаева.

Мамандардың айтуынша, кейде суайдынының ашық жерлеріндегі мұздың қалыңдығы 10 см., ал қардың астында 3 см. болады. Дегенмен ереже бойынша мұздың қалыңдығы 10-12 см-ден кем болмағанда ғана мұздың үстінде жүруге болады. Тегіс қардың бетіндегі қара дақ - мұздың әлі қатпағандығының белгісі.

Айта кетерлігі, бұл биылғы жылы балық аулау барысында тіркелген алғашқы қайғылы оқиға.

Фото: pavlodarnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы