Instagram көптен күткен мүмкіндікті іске қосты

Zakon.kz
Бұдан былай желідегілер “инста-сториға” ескі фото-суреттер мен видеоларды қалауынша жариялай алатын болды.
Instagram желісі қолданушылар көптен күткен мүмкіндікті іске қосты. Бұл туралы шетелдік The Vergе басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін желі қолданушылары “инста-сториға” тек 1 тәулік ішінде түсірілген фото мен видеоларды жүктей алатын. Бұдан былай желідегілер ескі фото-суреттер мен видеоларды қалауынша жариялай алады.

Авторлар шектеу қою арқылы желіге тек өзекті әрі жаңа нәрселер жүктелсе деп ниеттенген. Алайда пысық қолданушылар ескі суреттерді өңдеп, басынан сақтап отырған. Сондықтан да Instagram әкімшілігі шектеуді алып тастауға бел буды.

Әкімшілік блогында жарияланған мәліметке сәйкес, жаңа мүмкіндік қазірдің өзінде ОС Android пен iOS қолданушыларына қолжетімді.

Фото: stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме