Дәрігер 106 адамды өлтірді деген күдікке ілінді

Zakon.kz
Медицина қызметкері жансақтау бөліміндегі емделушілерге мөлшерден тыс дәрі-дәрмек берген.
Германияда бұрынғы медицина қызметкері 106 адамды дәрімен улап өлтірді деген күдікпен тексерілуде, - деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы Ольденбург қаласының прокуратурасына сілтеме жасап ren.tv жазады.

Тергеушілер барлық таксикологиялық тестінің нәтижесін алғаннан кейін, ер адам емделушілерді қасақана өлтіруге әрекет жасады деп ұйғарған.

Медицина қызметкері Ольденбург пен Дельменхорст ауруханасындағы жансақтау бөліміндегі емделушілерге мөлшерден тыс дәрі-дәрмек берген.

Күдіктінің айтуынша, ол емделушілердің алдында өзін құтқарушы рөлінде көрсеткісі келіпті. Оның адамдардың өмірін қиюға әрекеттенгені науқастардың бірі инъекциядан кейін тірі қалғанынан кейін әшкере болған.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді