Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге алты үй салынады

Zakon.kz
Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 45 пәтерлі алты тұрғын үй салуға ақша бөлінді.
1911,8 млн теңге көлеміндегі қаражат ҚР Үкіметінің кезек күттірмейтін шығындар қорынан бөлінді, - деп хабарлайды BNews.kz.

Көптен күткен жақсы жаңалық. Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 45 пәтерлі алты тұрғын үй салуға ақша бөлінді. Ақмола облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Меруерт Палмаханованың айтуынша, «қаражат Үкіметтің кезек күттірмейтін бөлінетін шығындар қорынан бөлінген».

«Атбасар қаласындағы 45 пәтерлі алты тұрғын үй құрылысына барлығы 1911,8 млн тенге, сондай-ақ Атбасар ауданындағы №1 мектеп пен «Ишим» кеме жөндейтін порттағы құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 214,5 млн теңге бөлінді», - деді Меруерт Палмаханова.

Барлық үйлер 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге беріледі.

«Пәтер иелеріне үйді алу шарттары жеке-жеке таныстырылды, олардың тізімі Атбасар ауданы әкімшілігінің сайтында жарияланды», - деді ол.

Әкімшіліктің баспасөз хатшысы тұрғын үй құрылысының сапасын үнемі мемлекеттік сәулет-құрылыс облыстық басқармасы бақылап отырғанын атап өтті.

«Су тасқынынан зардап шеккен 167 үйге жөндеу жұмыстарын жасау үшін, облыс қорынан 101 млн теңге бөлінді. Осы жұмысқа бас-көз болып отырған, облыс әкімінің орынбасары апта сайын Атбасарда жиналыс өткізіп, жұмыс барысын қадағалап отыр», - деді Меруерт Палмаханова.

Фото: bnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды