Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан шекараның түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойды

Zakon.kz
Қол қойылған үшжақты келісім Орталық Азия үшін тарихи құжат болып саналады.
Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің шекарасы түйісу туралы Келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімге қол қою рәсімі БҰҰ басшылығымен өткізілген "Орталық Азия: тарихы бір, болашағы бір, тұрақты даму мен өзара өркендеу жолындағы ынтымақтастық" атты халықаралық конференция аясында өтті.

Салтанатқа Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Түркменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысқан.

Түйісу нүктесі туралы Келісімге қол қою Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеудің бір кезеңін толығымен аяқтауға мүмкіндік беріп, өзара сыйластық, суверенді теңдік пен аумақтық тұтастықты нығайтуға негіз болады.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік шекараны айқындауға ерекше мән берді. Шынымен де бұл мәселе жауапты мемлекет құрылысы мен ел қауіпсіздігінің басты шарты. Бүгін қол қойылған үшжақты келісім Орталық Азия үшін тарихи құжат болып саналады, өйткені үш елдің мемлекеттік шекарасын құқықтық ресімдеуге нүкте қойып отыр", — деді Әбдірахманов қол қою рәсімінен соң.

Фото: sputniknews.kz



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады