Қостанайда өзен жағалауынан нәрестенің денесі табылды

Zakon.kz
Өлі сәбидің денесін балық аулауға барған 46 жастағы жергілікті тұрғын тауып алған.
Қостанай облысы Қарасу ауданында естіген жанның жағасын ұстатын тосын жағдай тіркеліп отыр. Атап айтар болсақ, аталмыш ауданның іргесінен өтетін Қарасу өзені жағалауынан ай-күні жеткен нәрестенің жансыз денесі табылып отыр. Өлі сәбидің денесін балық аулауға барған 46 жастағы жергілікті тұрғын тауып алып, аудандық ІІБ-не хабар берген, - деп хабарлайды Baq.kz.

Ақпарат түсісімен жергілікті тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Қазіргі таңда баласын пакетке салып, өзен жағасына лақтырған күдікті анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

«Полиция қызметкерлері Қарасу ауылында тұратын 32 жастағы әйелді күдікті ретінде тұтқындады. Аталмыш дерекке сәйкес сот-медициналық сараптама белгіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді», – дейді Қарасу аудандық ІІБ бастығы Қазбек Бисембаев.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі