Қостанайда жүріп бара жатқан көліктен түсіп қалған қыз мерт болды

Zakon.kz
Бүлдіршін жүк көлігінің артқы дөңгелегінің астына түскен.
Оқиға 10 қараша күні Фёдоровский ауданында орын алған. Бұл туралы alau.kz Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"ЗиЛ" маркалы автокөлік Придорожное және Лысановка ауылдарының арасындағы жолда кетіп бара жатқан. Сол сәтте жолаушылар отырған жақтан көліктің есігі ашылып кеткен.

"Салдарынан 7 жасар қыз көліктен құлап түсті. Бүлдіршін жүк көлігінің артқы дөңгелегінің астына түсті. Бала оқиға орнында жан тапсырды", — деп мәлімдеді Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Фото: alau.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні