Ақтау жаңа жылдық безендіруге 13 млн теңге жұмсамақ

Zakon.kz
Осы мақсатта бюджеттен 13 миллион 901 мың 785 теңге қарастырылып отыр.
Ақтауды Жаңа жылдық безендіруге 13 млн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда. Бұл тураалы Лада.кз Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Берік Ізғалиевке сілтеме жасап хабарлады.

Мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланды. Конкурсқа 2017 жылғы 19 қарашаға дейін өтініштер қабылданады.
Берік Ізғалиевтің айтуынша, жаңа жылдық безендіруге ақтаулықтар Тәуелсіздік күнінен кейін кіріседі. Конкурс жеңімпазы желтоқсанның басында анықталады.

Осы мақсатта бюджеттен 13 миллион 901 мың 785 теңге қарастырылып отыр. Техникалық сипаттамаға сәйкес, мердігер компания 20 желтоқсанда іске кірісіп, үш күн ішінде «Ынтымақ» және «Астана» алаңдарын, сондай-ақ облыстық әкімдік пен «Қазақтелеком» ғимаратының алдындағы алаңды безендіруі тиіс.

12 метрлік екі шырша «Ынтымақ» және «Астана» алаңдарына қойылады. «Ынтымақ» алаңындағы 714 метрге созылып жатқан бұталар, 100 боз арша және 326 түп ағаш жарық диодты гирляндалармен көмкеріледі. Облыстық әкімдік пен «Қазақтелекомның» маңындағы және «Астана» алаңындағы бұталар мен ағаштар да гирляндалармен, кестелермен, жылтырауық шамдармен безендіріледі. «Астана» алаңындағы «Каравелла» монументі 738 жарық диодты гирляндамен әшекейленеді, сондай-ақ «Ақбота» паркін де жарық диодты шамдармен безендіру жоспарланып отыр.

Фото: www.lada.kz


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды