Елімізде орташа жалақы 149 мың теңгені құрады - ҰЭМ

Zakon.kz
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149917 теңгені құрады.
2017 жылдың қазанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 438 мың адамнан асып, бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халықтың санына 4,9 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адамды құрады немесе ол елдің экономикалық белсенді халқының санына 1,5 пайыз деңгейінде.

Бұдан бөлек, 2017 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 79391 теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,3 пайызға жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6 пайызға төмендеді.

«2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149917 теңгені құрады»,- деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды