«Өз әйелімді өлтірдім» деп видео жариялаған оңтүстікқазақстандық тұтқындалды

Zakon.kz
Жараланған әйел Сайрам ауылындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты Сайрам ауылында «өзге дінге кіргені үшін әйелін пышақтағанын» мәлімдеген Хайролла Нарметов қамауға алынды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Облыстық ішкі істер департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Азаттықтың ресми сауалына жауап берген жергілікті қылмыстық полиция басқармасының бастығы Ибрагим Жолановтың мәліметінше, 12 қарашада таңғы сағат 09.05-те Сайрам ауылының ауруханасына «1986 жылы туған әйел адам пышақ дене жарақатымен» түскен. Полиция жәбірленушінің аты-жөнін жарияламады.

Полицияның хабарламасында: «Жарақат алған азаматша күйеуі Хайролла Нарметовпен жолыққан. Екеуінің арасында жанжал туындап, Хайролла Нарметов... пышағын әйелінің оң жақ көкірек тұсынан тығып алып, оқиға болған жерден бой тасалаған» деп жазылған.

Күдікті Хайролла Нарметов әйелімен болған жанжалдан соң түсірген видео үндеуінде «әйелін басқа дінге өткені үшін өлтірдім» деп мәлімдеген. Бұл видео 13 қарашада әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

Нарметовтің үстінен қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөліміне сәйкес «қасақана ауыр дене жарақатын салу» айыбымен іс қозғалған. Жараланған әйел Сайрам ауылындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды