Ыстықкөлде әйел адам күйеуіне шабуылдаған қасқырдың жүрегінен ұрып өлтірді

Zakon.kz
Қасқыр Мирбек Келгенбаевты жаралап үлгерген.
Қырғызстандағы Ыстықкөл облысының жергілікті тұрғыны күйеуіне шабуылдаған қасқырдың жүрек тұсынан ұрып өлтірді. Оқиға Сарычат-Эрташ қорығының аумағында 7 қарашада болған, - деп хабарлайды BNews.kz.

Қансырап жатқан қасқырдың өлі денесі мен ерлі-зайыптылардың пікірлері жазылған видео және фотолар 14 қарашада әлеуметтік желіде жарияланды.



Жәбірленуші Мирбек Келгенбаевтың айтуынша, шамамен кешкі сағат 5-терде ол үйіне қайтып келе жатқан. Оның жанында әйелі мен 8 жасар ұлы болған. Алайда жол бойында автокөлігі бұзылып қалады да, ол тез арада көлікті жөндеуге кіріскен. Сол кезде оның аяғына қасқыр жармасқан. Ер адам қасқырдың аузынан аяғын арашалап алуға тырысып жақанда, оның әйелі жыртқыш аңның жүрек тұсына пышақ сұғып алған.

Қасқыр Мирбек Келгенбаевты жаралап үлгерген.



Оқиға орын алған аумақта ерлі-зайыптылардан басқа ешкім болмаған.

Өлтірілген қасқыр мамандарға берілген, ерлі-зайыптылар медициналық тексерістен өткен және ер адамға құтыруға қарсы екпе салған.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға 2015 жылы Қырғызстанның Тон ауданына қарасты Қарасай ауылында болған екен. Ол кезде де бір әйел күйеуін қорғап, қасқырды пышақтаған.


Фото/Видео: bnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды