Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыс пен қиыр оңтүстікте, батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, қиыр солтүстікте боран, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні түнде 15-20, кей жерлерде 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, жекелеген аудандарда боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман.
Астанада +1, бұлтты.
Алматыда +4, күн ашық.
Фото: anywalls.com