Мектепте ыстық суға күйіп қалған қыз балаға мұғалімдер жарты миллион теңге төлемек

Zakon.kz
Бала мүгедек болып қалған.
Қарағанды облысындағы Шет аудандық соты мектепте қайнап тұрған шәйнектегі суға күйіп қалған оқушы қызға қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Baq.kz.

«Мектеп мұғалімдерімен балалардың денсаулығына және өміріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан, оқушы мектепте қайнап тұрған шәйнектегі суға күйіп қалған. Оның денсаулығына орта ауыр дәрежедегі зиян келіп, артынша бала бүйрек ауруына шалдыққан. Баланың мүгедек болып қалғаны анықталды», - деп жазылған соттың хабарламасында.

Күйіп қалғаннан бастап осы уақытқа дейін, жыл сайын, талапкер С. баласы Ф.-ны Астана, Алматы қалаларының және Қарағанды ​​облысының түрлі медициналық мекемелеріне, ұзақ мерзімге ем алуды жалғастыру үшін жатқызады. Осы уақытқа дейін баланың емделуіне кететін дәрі–дәрмектеріне, жол жүруіне кеткен материалдық шығындарды және басқа да шығындарды талапкер С. өз қалтасынан көтерген.

«Сот талапкермен қойған материалдық талаптарды заңды деп танып, жауапкерлерден талапкер пайдасына 536 757 теңге материалдық шығын өндірді», - дейді Шет аудандық соты.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы