Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде жантүршігерлік кісі өлімі тіркелді

Zakon.kz
Қайтыс болған 25-30 жас шамасындағы ер азамат.
Қанды оқиға қарашаның 17-нен 18-не қараған түні 5-шағынаудандағы №20 үйде орын алған, - деп жазады Sn.kz "Лада" порталына сілтеме жасап.

Марқұмның жанұшыра айқайлаған дауысын сол үйдің тұрғындары естіпті. Олар дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірнеше жерінен пышақталған ер азаматтың мәйітін тапты.

Қылмыс орнына полицейлерден бұрын жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болған ер азаматтың 25-30 жас шамасында болғанын айтып отыр. Көршілері оны дереу таныды. Айтуларынша, марқұм бұрын үйленбеген, осы үйдің тұрғыны екен. Сотталған.

Әзірге полицейлер бұл жайтқа қатысты пікір айтудан бас тартып отыр.

Фото: sn.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты