Қостанайда әйел мен екі балаға иіс тиді

Zakon.kz
Олар орташа ауыр дәрежеде уланған.
Қостанайда әйел мен екі бала иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай облыстық ТЖД кезекшілік-диспетчерлік қызметіне таңертең сағат 07:10-да Қостанайдағы «Мичуринец» саяжай қоғамы аумағында тұратын үш азаматқа иіс тигені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша тұрғын үйде пешті жағу жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қостанай қалалық ауруханасына 1985 жылы туған әйел, 12 жастағы ұл бала және 5 айлық қыз бала жеткізілді. Олар орташа ауыр дәрежеде уланған.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз