Алматыда тәулік бойы тегін жұмыс істейтін сырғанау алаңдары ашылады

Zakon.kz
Ашық мұз айдынын жасау 10 күндей уақытты қажет етеді.
Алматыда тегін жұмыс істейтін сырғанау алаңдары ашылады. Қазақстанның тұңғыш президенті саябағының алдында 850 шаршы метрлік жаңа мұз айдыны салынуда, - деп жазады Stan.kz.

Сырғанау алаңы алматылықтар мен қала қонақтары үшін тәулік бойы тегін жұмыс істейді.

Бұл жобаның ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі. Қазіргі уақытта, мұз айдында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жақында оның салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Айта кетсек, мұндай алаңдар қарашаның соңына дейін Жібек жолы – Абылай хан, Әл Фараби – Ремизовка, Жандосов – Шаймерденова көшелерінің қиылысында, «Март» сауда орталығының жанында және Жетісу ауданы әкімдігінің маңында ашылады. Осы туралы мұз айдындардың құрылысымен айналысатын Aksays Arena компаниясының жетекшісі Мұxамеджан Өсер айтты.

«Ашық мұз айдынын жасау 10 күндей уақытты қажет етеді. Барлық қалаушылардың кез келген уақытта өз конькилерімен келіп, тегін сырғанауға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, 10.00-23.00 уақыт аралығында келушілер үшін тамақтану дүкендері, конькилерді жалға алу орталықтары жұмыс істейді. Олардың бағасы да қолжетімді болады. Басқа мұз айдындарымен салыстырғанда конькиді 2 сағатқа жалға алу 500-600 теңгеден аспайды. Қазір мұздатқыш құрылғыларды күтудеміз, оны іске қосқан соң мұздатуды бастаймыз»,- деді Мұхамеджан Өсер.

Оның айтуынша, бұл мұз айдындары жаппай сырғанауға, шорт-трек, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлерін қала тұрғындары арасында дамытуға бағытталған. Тегін сырғанау алаңдары қыс мезгілінің соңына дейін істейді.

Фото: stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев