Ақтөбеде 24 мемлекеттік қызметкер біліксіз болып шықты

Zakon.kz
Басым көпшілігі шаруа қожалықтарына субсидия беруде кемшіліктер жіберген.
Ақтөбедегі әкімдік қызметкерлері сыннан өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына тексеріс жүргізіп, жемқорлыққа қарсы бақылау жасап отырған департамент мамандары бірнеше қызметкерді біліксіздер қатарына жатқызды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Өңірде қаржылық құжаттармен жұмыс жасап отырған жиырмадан аса маманның талапқа сай емес екені анықталды.

«Әдеп жөніндегі кеңесте біз 36 мемлекеттік қызметкерді қарадық. Оның ішінде бір маман қызметінен босады. Қызметіне толық сәйкес емес деп танылған 24 маман тиісті тәртіптік шараға тартылды. Басым көпшілігі шаруа қожалықтарына субсидия беруде кемшіліктер жіберген. Тексеріс жүргізілген мамандардың басым көпшілігі ұқсас қателіктер жіберген», — дейді Әдеп кеңесінің төрағасы Қайыржан Тоқышев.

Әдеп кеңесіне шақырылған мемлекеттік қызметкерлердің барлығына тиісті шара қолданылған.

Фото: aktobenews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды