Мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып, ломбардқа өткізген

Zakon.kz
Алтынды ломбардқа өткізіп, 240 мың теңге алған.
Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін 29-жасар физика пәнінің мұғаліміне қатысты алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, мұғалім сырқат анасының еміне қажет деп 11 сынып оқушысын алдап, алтын бұйымдарын алған.

«Алтын қолына түскеннен кейін ол бұйымдарды ломбардқа өткізіп, 240 мың теңге алған. Оқушы бірнеше рет алтынын қайтарып алу туралы мұғалімге өтініш білдіргенімен, қайтара алмапты. Ақыры, бұл жағдай туралы ағасына айтып, Instagram-дағы парақшасына жазған», – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта барлық алтын бұйымдар оқушыға қайтарылды.

Фото: kursiv.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты