Маңғыстаудағы «Caspi Bitum» зауыты алғаш рет жаңа технологиясымен өнімін экспортқа жіберді

Конференцияда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өндіріс ошағының маңыздылығына тоқталды.
Ақтау қаласында алғашқы рет Қазақстан Республикасының битум өндірушілерінің конференциясы өткізілді. Конференцияға жол битум өндіретін компаниялар, жол битум тұтынушылары - жол құрылыс компаниялары және мүдделі мемлекеттік органдарының, атап айтқанда, ҚР Энергетика Министірлігі мен ҚР Инвестициялар және Даму Министрлігінің өкілдері катысты, хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өндіріс ошағының маңыздылығына тоқталды. Ақтау битум зауыты 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі-индустриальды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған болатын.

Бастапқы іске қосылған кезде 50-60 мың тонна өнім шығарылса, биылғы жыл басынан бері зауыт 230 мың тонна жол битумдарын өндіру деңгейіне жетті. Ақтау зауытының битумы барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттар (СТ ҚР 1373-2013) талабынан жоғары және ең үздік халықаралық үлгілерге сәйкес екенін ерекше атап өткім келеді,- деді аймақ басшысы.



Бүгінгі таңда зауыт өнімдері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік трассалары, «Шымкент - Қызылорда», «Астана - Павлодар», «Астана - Теміртау», «Атырау - Ақтау» секілді республикалық маңызы бар көлік жолдарына төсеу үшін кеңінен пайдаланылады.

Конференция барысында, жол құрылыс саласының заманауи талаптарына сай болатын, жоғары сапалы жол битумының өндіруі және жаңа химиялық қоспаларға деген сұраныстың қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, оралған битумның шығарылу мүмкіндігін ескере отырып, жол битумын жылдық өндіріс нысанына көшу шарттары қарастырылды.



Айта кетейік, 22 қарашада зауыт алғаш биг-бэгтегі жол битумының 60 тонна көлемінде алғашқы партиясын экспортқа шығарды. Биг-бэг – бұл сыйымдылығы 1000 кг дейін, өнімді кез-келген температурада тасымалдау мен сақтауға мүмкіндік беретін, бір рет пайдаланылатын арнайы тасымалдау ыдысы. Дәл осы тәсілмен, яғни көрмішміз Қытай еліне экпортталды.

«Қытайлық компаниямен біздің әріптестігіміздің нәтижесінде, біз жоғары сапалы өнімді тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, сонымен қатар Қытайға экспорттау мүмкіндігіне ие болдық» - деп атап көрсетті «CASPI BITUM БК» ЖШС директорының орынбасары Сакен Утельбаев.

Осылайша, 2017 жылдың қаңтар айында жол битумының 65 тоннасы алғаш Өзбекстанға экспортқа жіберілді.

Конференцияның соңында Каспий битум зауыты мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде білім ошағының жанында кәсіпорынға мамандар даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру, зауыт мамандарын оқу процесіне жұмылдыру, технологиялық старт-аптарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызу және мұнай өндіру саласында ғылыми зерттеулерге жағдай жасау жоспарланған.



Анықтама:
Ақтау битум зауыты «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы» және «CITIC Kazakhstan» ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылатындығын естеріңізге саламыз. Ол 2013 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (2010-2014 жж.) шеңберінде жол саласын жоғары сапалы жол битумымен қамтамасыз ету мақсатымен салынған. Жобаның жобалық қуаттылығы – жылына 1 млн тонна шикі өңделген мұнай. Зауытта битумның екі түрі өндіріледі: мұнай тұтқыр битумдары және жол модификацияланған мұнай битумдары.

2017 жылғы 10 айда кәсіпорын 217 132 тонна битум өндірді, бұл ҚР Энергетика министрлігінің жоспарының 153,88% құрады, бұл зауыт үшін жақсы өндірістік көрсеткіш болып табылады. Өндіру 644 765 тоннаны құрады, яғни жоспардың 102,34%.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: