Ақтау тұрғынын 50 рет пышақтап өлтірді деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды

Zakon.kz
Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған.
Ақтау тұрғынын 50 жерден пышақтаған қаскөйдің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Атырауда ақтаулық азамат 50 жерден пышақталып, қаза тапты. 39 жастағы Иван Грабовты о дүниеге аттандырған қырғыз елінің азаматы екен. Астрахандағы оқуының сессиясын ойдағыдай тапсырып, Атырауға жеткен Иван Грабов досы екеуі жүрек жалғамақ болып, вокзал маңындағы асханалардың біріне кірген. Бірақ алаңсыз тамақ ішіп отырған жігітті қырғыз азаматы әй-шәй жоқ, пышақтай жөнеліпті.

Марқұм жұбайымен 13 жыл отасқан Лариса бақытты сәттерімнің бәрі артта қалды деп зар жылап отыр.

"Дәрігермен сөйлескен едім, ол күйеуімнің алған жарақаттан тірі қалуы мүмкін еместігін айтты. Бауыры мен өкпесі, тіпті бас сүйегі де езіліп кетіпті. Менің суреттерден көргенім, жауыз оны аңшылық пышағымен өлтірген", — дейді марқұмның әйелі Лариса Грабова.

Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған. Ал, күдіктіні полицейлер сол маңдағы бейнебақылау камераларының бірі арқылы тауыпты. Қазір қырғыз елінің азаматы тергеу абақтысында отыр.

Осы іске қатысты түрлі сараптама тағайындалған. Күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы да осы тексерістерден кейін белгілі болмақ. Егер кінәсі дәлелденіп жатса, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты