Қостанай облысында екі көршінің ұрысы кісі өлімімен аяқталды

Zakon.kz
Оқыс оқиға 16 қараша күні №7 шағын ауданның подъезінде болған.
Оқыс оқиға Қостанай облысының Жетіқара ауданында орын алған, - деп хабарлайды Baq.kz агенттігі alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратты Жетіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақов растады. Оқыс оқиға 16 қараша күні №7 шағын ауданның подъезінде болған. Сол күні кезекші бөлімге екі көршінің ұрысы туралы ақпарат келіп түскен.

«Оқиға орнына бет алған топ бірінші болып 34 жастағы ер адамның баспалдақта жатқан мәйітін көрген. Жанында балта жатқан. Тергеу барысында оны 29 жастағы көршісі өлтіргені анықталған. Осыдан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған», - дейді Руслан Өмірзақов.

Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, экспертизалар тағайындалды. Тергеу жұмыстарын Жетіқара прокуратурасы бақылайтын болады.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз