Бангладеш пен Мьянма рохинджа босқындарының отанына оралуы туралы келісімге қол қойды

Zakon.kz
Мьянма тарапы босқындарды 2 айдың ішінде қабылдауды бастамақ.
Бангладеш пен Мьянма елі Ракхайн штатынан қашқан рохинджа босқындарының отанына оралуы туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Уағдаластыққа қос мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қол жетті. Құжатқа сәйкес, Мьянма тарапы босқындарды 2 айдың ішінде қабылдауды бастамақ. Ал процесс бір жылға созылуы мүмкін. Алайда ресми Нейпьидо іс-шараға халықаралық ұйымдардың қатысуын қалап отырған жоқ. Соңғы мәліметке қарағанда, Мьянма күштерінің әскери операциясынан Бангладешке қашып өткен рохинджалардың саны 800 мыңнан асқан.

Айта кетейік, Ракхайн штатындағы жағдай тамыз айының соңында шиеленісіп кеткен еді. Оған осы ұлт өкілдерінен құралған қарулы топтардың әскери бекеттерге шабуылы себеп болды. Өйткені Мьянма билігі аймақта ежелден тұрып келе жатқан бұл халықты «келімсек» деп қудалап отыр.

Блиц:

- Біздің талабымызды орындаса ғана елге ораламыз. Олар бізге азаматтық беріп, жерімізді қайтаруы тиіс. Бірақ Мьянма билігі үнемі алдайды.

- Егер олар бізді қудаламай, басқа ұлт өкілдері сияқты өмір сүруге жағдай жасаса ғана елге қайтуға келісемін және балаларымыздың мемлекеттік қызмет атқаруына рұқсат берілуі тиіс.

Фото: 24.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды