Үндістаннан ауру жұқтырған алматылыққа бола дәрігерлер 114 адамды іздеп жүріп тексерді

Zakon.kz
Әйел он күн Үндістанда демалып, 15 қараша күні елге оралған.
Үндістаннан ұшып келген қазақстандық әйел мен оның туысқандары бірден инфекциялық стационарға жатқызылды, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі informburo.kz басылымына сілтеме жасап.

Әйел он күн Үндістанда демалып, 15 қараша күні елге оралған. Шетелде жүріп ауырса да, ауруханадағы дәрі-дәрмектермен емделген. Осының арқасында аурудың сыртқы белгілерін ғана емдеп жазады. Алайда елге оралған қазақстандықтың дене қызуы қатты көтеріліп, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болады. Дәрігерлер оған «тырысқақ» (холера) диагнозын қойған екен.

Осыдан кейін ауруды алматылыққа жұқтырған және ол жұқтыруы мүмкін деген адамдар арнайы тексерілген.

«Рейсте әйелмен бірге 114 адам ұшып келген. Бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері толықтай тексерілді. Қазір әйелге ем қажет емес. Онымен жақын қарым-қатынаста болған адамдар бірінші күні-ақ тексерілген. Оларды дәрігерлер бірнеше күн бойы бақылады. Ары қарай тексерудің мәні де жоқ. Биыл үш қазақстандық Үндістаннан осы ауруды жұқтырып келіп отыр», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау саласында үйлестіру басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Мұнымен қатар, ол ұшақтың осы оқиғадан кейін тағы да бір рейс жасап үлгергенін айтып өтті.

«Ұшақ елге оралған соң, қайта Үндістанға ұшып кеткен. Кейін елге қайта оралған. Тырысқақ ауруы азық-түлік, су және қол арқылы жұғады. Яғни ауа тамшылары арқылы таралмайды. Сол себепті, ұшақта отырған адамдар бұл ауруды жұқтырмады деп сенімді түрде айта аламыз», - дейді Роза Қожапова.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді