Павлодар ауданында монша мен ас үй өртеніп, қарт әже жарақат алды

pavlodarnews.kz
Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Павлодар ауданы Красноармейка ауылында Тимирязев көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан монша мен ас үй өртке оранды. Салдарынан бір адамды күйік шалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне кешкі сағат 21:24-те түскен.

- Оқиға орнына шыққан құтқарушылар 40 шаршы метрге жайылған өртті сағат 00:44 шамасында толықтай өшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімі №35 бөлімшесінің жеке құрамынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды, - деді департаментте.

Айта кетерлігі, келесі күні №1 Павлодар қалалық ауруханасының медбикесі өрттен зардап шеккен 78 жастағы зейнеткердің келгенін хабарлаған. Қызыл жалын тіркелген күні қолындағы күйікті байқамаған үй иесін қызы алып келген. Оған қажетті ем көрсетілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Фото: pavlodarnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды