Қостанайдың бас шыршасы тәуелсіздік күні жағылады

Zakon.kz
Қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге 18 млн теңге бөлінді.
Қостанай қаласында биіктігі 22 метрлік шырша орнатылады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінде өткен жиында айтылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі.

«16 желтоқсанда сағат 12:00-де облыстық әкімшілік алдында концерттік бағдарлама өтеді. Осы күні кешке басты шырша жағылады. Бұған қоса, Гашек көшесі мен КСК шағын ауданында тағы екі шырша орнатылады. Тобыл өзенінің жағалауында сырғанақ тұрғызылып, орталықта мұз қалашығы бой көтереді», - деді бөлім басшысы.

Жалпы, қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге 18 млн теңге бөлінді. Дайындық жұмыстары 1 желтоқсанда басталады.

Фото: sn.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек