Ақмола облысында ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

sputniknews.kz
Өлім себебі – иіс тию.
Ақмола облысында микроавтобус ішінде жылынбақ болған ер адам тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметіне сүйенсек, Степногорск қаласы ішкі істер басқармасына 27 қараша күні сағат 10.40-та жергілікті тұрғын хабарласып, автомобиль кооперативінде ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция аттанды.

"Гаражда тұрған "ГАЗель" көлігінің салонында осы көліктің жүргізушісі болып қызмет еткен 22 жастағы жігіттің денесі табылған. Бастапқы мәлімет бойынша, өлім себебі – иіс тию. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ер адамның көлікте не үшін қалғанын тексеріп жатыр.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді