Ақмола облысында баласы өз анасының алтынын ұрлап, сатып жіберді

Фото: aif.ru
Келтірілген шығын мөлшері - 160 000 теңге.
Ақмола облысында полиция алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады. Жігіт өз анасына тиесілі алтын бұйымды қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 қараша күні Целиноград ауданы, Софиевка ауылында болған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер үйіне басып кіріп, сандықта жатқан алтын бұйымды ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын мөлшері - 160 000 теңге.

Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің полициясы оперативті іздеу шарасын жүргізіп, жәбірленушінің таныстары мен туысқандарын, көрші-көлемін тергеді. Ұрлықты ізін суытпай ашу мүмкін болған жоқ, алайда полицейлер барлық ломбард пен бұйым тапсырылуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188 бап, 1 бөлімі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті 27 қарашада қолға түсті. Ол жәбірленушінің отыз жастағы ұлы болып шықты. Тәртіп сақшылары қылмысты жәбірленушінің танысы жасады деген тұжырымға тоқтады, өйткені, алтыннан басқа ештеңе ұрланбаған.

Жәбірленушінің ұлы қылмысын мойындамағанымен, алтынды ломбардқа өткізіп үлгерген. Қазіргі таңда ер адам істеген қылмысына өкініп отыр. Ер адамның еш жерде жұмыс істемейтіні және анасымен бірге тұратыны анықталды. Ақша қажет болған соң, анасының алтынын ұрлаған. Тергеу жүргізілуде.

Фото: aif.ru

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты