Алматы облысында келіншек 4 баласын тастап кетіп қалған

Zakon.kz
Cәбилердің кішісі 9 айлық үлкені 7 жаста.
Алматы облысы еңбекшіқазақ ауданында 4 баласын анасы қараусыз тастап кеткен. Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жатқан балалардың денсаулығы жақсы. Ал, аудандық ІІД бүлдіршіндердің ата-аналарын іздестіріліп жатқанын айтады, - деп жазады Sn.kz.

Cәбилердің кішісі 9 айлық үлкені 7 жаста. Көршілері жылаған дауысқа көмекке келген. Балаларды бәлкім сырқат па деп Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жеткізген.

«Балалар бөлімінде орын жоқ болғандықтан оларды жұқпалы аурулар бөліміне жатқыздық. Денсаулықтарын толығымен тексердік. Жағдайлары өте жақсы. Ешқандай аурудың нышаны байқалмады. Тек күтімдері нашар, ата-анасы дұрыс қарамаған» – дейді Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Гүлнар Кураметова.

Аудандық ІІД полиция қызметкерлеріне хабарластық. Әзірге қараусыз қалған балалардың ата-анасы табылмаған. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«Оқиға 28.11. кешкі сағат 13.36-да тіркелді. Көршілері балалардың неше күннен бері жылағанын, аш екенін айтқан. 4 баланы сол көршілері ауруханаға апарған. Қазір балалардың ата-анасын іздестіріп жатырмыз», – дейді Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ІІД-нің полиция аға инспекторы Айнаш Қырбасова.

Фото: Sn.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды